Жәзира Жаппарқұл күміс медалі үшін алатын сыйақысын сіңлісіне жұмсамақ

83 просмотров

Ауыр атлетикадан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл өзіне тиесілі қаржының барлығын сіңілісінің еміне жұмсамақ.

Жәзираның 11 жастағы Альфия есімді сіңлісі церебралды сал ауруымен ауырады екен, деп жазады Мassaget.kz.

Рио төрінде күміс медальді иемденген арудың жақындарымен телефон арқылы тілдескен сәті осыдан біраз күн бұрын ғаламтор бетіне шыққан болатын. Сол кезде, толқып тұрған спортшының «сен үшін алдым ғой» деп ағынан жарылып сөйлеп тұрған сәті таспаға басылып қалған екен.

Аталған бейнероликке спортшының өзі былай деп жауап берді:

— Менің сіңілім церебралды сал ауруымен ауырады. Мен оның сауығып кеткенін қалаймын және сол үшін аянбай тер төгіп жүрмін. Сіңілімді емдету үшін қомақты қаражат керек. Енді менің еншімдегі ақшаның барлығы Альфияның еміне жұмсалады. Ал, мойнымдағы медальді және Риодағы жеңісімді еліме арнаймын.

Естеріңізге сала кетсек, Жазира Жаппарқұл 11-ші тамыз күні ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта күміс медальді иемденген еді. Жазира Қытай елінің спортшысынан жарақатына байланысты айласын асыра алмаған екен. Бұл туралы журналистер қауымына өзі айтып берді.

Жалпы, ол көпбалалы отбасынан шыққан.  Жәзира — үйдегі 7-ші бала.

Қазақстанда Олимпиаданың күміс медаліне 150 мың доллар сыйақы қарастырылғанын баса айта кетелік.

Загрузка...