Жүзден астам ресейлік паралимпші ойынға қатысуға өтініш берді

7 просмотров

Жүзден астам ресейлік атлетші Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға жеке-жеке өтініш берді. Бұл жөнінде Ресей Паралимпиада комитетінің баспасөз хабарламасында айтылады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 33 ресейлік паралимпші, оның ішінде алты жеңіл атлетші бар Халықаралық паралимпиада комитетіне (ХПК) өтініш берген.

7 тамызда ХПК ресейлік паралимпшілерді Риодағы ойынға допинг дауы үшін қатыстырмау жөнінде шешім шығарған. Ресей бұл шешімді Лозаннадағы спорттық арбитраж сотына берген. 24 тамызда сот шағымды кері қайтарған. Осыдан кейін ресейлік құқық қорғаушылар Халықаралық паралимпиада комитетін Ресейдің 200-ден астам спортшысының құқығын бұзып отыр деп айыптады.

32817281-20D1-483A-ABA7-4E38913B2D5C_w987_r1_s

Загрузка...