Жүздеген өзбек Стамбулдан күшпен көшірілуі мүмкін

151 просмотров

Стамбулда Орталық Азия елдерінің 140-қа жуық тұрғыны ұсталды. Азаттық радиосының мәліметі бойынша, ұсталғандардың дені — Өзбекстан азаматтары. Жүздеген өзбекті түрік билігі ел аумағынан шығарып тастауы мүмкін.

Түркия қауіпсіздік күштерінің 29 шілдеде өткізген алғашқы тексеруінде Өзбекстанның 29 азаматы ұсталды. Одан соң олар тағы 100-ге жуық өзбек мигрантын анықтады. Өзбекстан халық қозғалысының мәліметі бойынша, ұсталғандардың 80 пайызы босатылған, 40 адамға Түркия аумағын бір айдың көлемінде тастап кету туралы талап қойылған.

Өзбек оппозициялық «Эрк» партиясының жетекшісі, қазір Түркияда тұратын Мұхаммад Салихтың Азаттық радиосына хабарлауынша, қазіргі таңда 60 адамды стамбулдық Құмқала ауданындағы департациялық орталықта ұстап отыр.

– Олардың төртеуі Тәжікстан азаматы, алтауы — Қырғызстан, тоғыз ресейлік және бір қазақ бар, қалғандарының барлығы — өзбектер. Түркиядан өз еріктерімен кетуге сөз берген 40 адам босатылды, — деді Мұхаммад Салих.

Оның айтуынша, Түркияда ұсталғандардың дені — діни қудалауға шыдай алмай елден кеткендер. «Сол себепті оларды Түркиядан көшіруге жол беруге болмайды», — деді өз оппозиционері.

Загрузка...