Жұрт Аша Матай мен анасының ұқсастығына қайран қалды

425 просмотров

Аша Матай анасын алғашқылардың бірі болып туған күнімен құттықтап, желі арқылы мұрағаттағы суретін бөлісті. Мұны көрген желі қолданушылары екеуінің қос егіздің сыңарындай ұқсастықтарына қайран қалды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Аша Матайдың анасы Бәтес Байлының туған күні. Оны Баян Есентаева, Бағым Мұхитденова сынды сіңілілері мен туған-туысқандары әлеуметтік желі арқылы құттықтап жатыр. Алғашқылардың бірі болып туған қызы құттықтады. Құттықтаудың тұсындағы суретті көрген желі қолданушылары анасы мен Ашаның бір тамшының сыңарындай бір-біріне ұқсайтынын айтып жатыр. Десе де, олардың мінездері мен қылықтары мүлдем бөлек сыңайлы.

“Анашым менің! Ханшайымым менің! Ең сұлу, мейрімді, әділ, ақылды, әрдайым көңілді жүретін, саусағынан бал тамған, баға жетпес асылым! Туған күнің құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын! Әрдайым бақыттың құшағында болыңыз. Бұл жалғанда анашымның дәл сіз болғаныңыз үшін бақыттымын. Сізге барлығы үшін рахмет!” – дейді Аша Матай.

13707028_288935018128927_1691891999_n-4

Желі қолданушылары өз кезектерінде Аша Матай мен анасын салыстыруға кірісті. Екеуінің сырт келбеттерінің ұқсастықтарына қайран қалды.  Мұнымен қатар, ақ тілектерін жаудырды. “Аша құдды анасының көшірмесі секілді”, “Анаңыздың туған күнімен! Осы аналарымыз аман болсын. Бүгін менің де анамның туған күні”, “Денсаулығы мықты болып, ұл-қыздарының қызығын көрсін! Мәссаған, Аша сен мамаңнан аумайды екенсің ғой. Құдды көшірмесі сияқтысың. Дене бітімің де ұқсайды. Аузынан түсіп қалғандайсың” дейді желі қолданушылары.

 

Загрузка...