Әзербайжан: Армения оқ атпау келісімін бұзды

32 просмотров

Әзербайжан жағының мәліметі бойынша, Газах ауданындағы Баладжафарли ауылындағы позицияларды Арменияның Иджеван ауданындағы Айговит елді мекені тұсынан атқылаған.

Бұл туралы Abai.kz хабарлайды. Сондай-ақ Әзербайжан қарулы күштері позицияларына Тертер ауданындағы Чилябурт, Физуллин ауданы Горадиз, Ашагы Сейидахмедли және Ашагы Вейселли ауылдарындағы позициялардан оқ атылған деп хабарлады Тренд агенттігі әзербайжандық әскерилерге сілтеме жасап. Бұл айыптауларға қатысты Армения қарулы күштері өкілдерінен әзірше комментарий түскен жоқ.

Өз кезегінде өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ әскерилері қарсылас тараптар арасын бөліп тұрған сызық бойында жағдай бірқалыпты деп мәлімдеген. «Қарсылас тарап негізінен артиллериялық қарудан атқылап, оқ атпау келісімін бұзды», – деген Таулы Қарабақ әскерилерінің сөзін келтірген «Спутник-Армения» сайты.

Загрузка...