Зейнетақы қорындағы ақшаны банктер «жұмсай» бастады

43 просмотров

Шағын және орта бизнестің айналымдағы капиталын және қарыздарды қайта қаржыландыру үшін банктерді қаржыландыруға 200 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр. Қазір 12 банк БЗЖҚ қаражатынан 62,2 млрд теңгеге қаржыландырылды. „Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов мәлімдеді„ делінеді ҚР Ұлттық банктің баспасөз хабарламасында.

photo_17956

«Ұлттық Банк банктерді кредиттеу әлеуетін ескеретін лимиттерді айқындау бойынша транспарентті және түсінікті тетіктері, сондай-ақ активтер мен міндеттемелердің құрылымын әзірлеп бекітті», – деді ол.

Алайда, оның айтуынша, банктерге бөлінген қаражатты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін осы салада біршама тәжірибесі бар «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.

Ғалымжан Пірматов атап өткендей, ҚР Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 2016 жылы бірқатар бағыттар бойынша инвестицияланатын болады, оның ішінде 600 млрд теңгені екінші деңгейдегі банктерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерін қаржыландыру арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға және экономиканың аса маңызды секторларын ынталандыруға жұмсау жоспарланып отыр.

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау қайтарымды негізде жүзеге асырылады.

Загрузка...