Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Өзбекстандық азамат алматылықтармен танысып, оларды тонап кететін болған (фото)

Ол өзін Ұлықбек деп таныстырып, негізінен жас қыздарға алаяқтық жасаған.

«Ол көп жағдайда жаңа танысқан жас қыздарды алдаған. Мысалы, қызға жұмысқа келіп ұялы телефонын қуаттап беруді өтінеді. Сосын біраз уақыттан кейін оның телефонымен шұғыл хабарласып алуды сұрайды. Артынша көшеге шығып, қашып кететін болған. Бүгінде осындай 6 жағдай анықталды. Бұдан басқа жедел, арнайы шаралар барысында қаскүнемнің бөтен мүлікті тонауға қатысқаны анықталды, оның бірі – пәтер ұрлығы. Тергеу көрсеткендей, ер адамның Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі, біздің елде заңсыз жүргені  анықталды», – деп хабарлады Әуезов ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Құмарбек Кеңшібаев.

Күдіктіден алданған азаматтар болса, полицейлер  298-53-00; 298-53-01; 298-53-02 немесе 102 телефондарына қоңырау шалу қажеттігін хабарлайды.

20160815103941

20160815103945

20160815103950

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз