Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61 пайыз дауыспен жеңіске жетті.
«Мирзиёевке сайлауға қатысқандардың 15 млн 906 мың. 724 адамы немесе 88,61 пайызы дауыс берді», – деді ол дүйсенбідегі брифингте.
«Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау» заңының 35-бабына сәйкес, бұл көрсеткіш Мирзиеев мемлекет басшысы деп есептеуге құқық береді. Мирзиёев Кәсіпкерлер мен іскер азаматтар қозғалысы – Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке үміткер болды.
Еске сала кетсек, дауыс беру жексенбі, 4 желтоқсан күні сағат 06.00-де басталып, 20.00-де аяқталды. Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өтті деп таныды, себебі келушілердің саны қажетті 33 пайыздан асып жығылды.
ОСК-ның мәліметінше, сайлауда 17 млн. 941 мың 955 адам дауыс берді, бұл – электораттың 87,83 пайызы. ОСК төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломовтың айтуынша, дауыс беру ел ішіндегі – 9383 және шет елдердегі 44 сайлау учаскесінде өткен. Сайлауға төрт үміткер қатысты – президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның либеральдық-демократиялық партиясы атынан түсуде, Хатамжон Кетмонов Халық -демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан.