Өзбекстанда әскери тікұшақ апатынан тоғыз адам қаза тапты

81 просмотров

Өзбекстан баспасөзінің хабарлауынша, МИ-171 тікұшағы 18 қазанда Қырғызстанмен шекаралас Ферғана даласында апатқа ұшыраған.

Елдің қорғаныс министрлігі әуе апатын «жазатайым оқиға» деп сипаттады. Апат салдарынан экипаждың үш мүшесі мен алты әскери қызметкер қаза тапты. Апат салдарын зерттеуге арналған комиссия құрылды.

Өзбекстан басшылығы қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Ресми хабарламада айтылғандай, МИ-171 әдеттегі жұмыс жоспарына сәйкес ұшып шыққан.

2009 жылдан бері Ресейде жасалған МИ-171 тікұшағы 7 мәрте апатқа ұшырады. Бұл апаттардың салдарынан барлығы 41 адам қаза тапты.

_mi-8_0

Загрузка...