2-қыркүйекте Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов дүниеден озды.
Өзбекстанның ендігі президентінің сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы Өзбекстанның Орталық сайлау комитеті хабарлады.
Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиеев президенттің міндетін уақытша атқарып жатыр.
Өзбекстанда соңғы рет сайлау 2015 жылдың наурызында өткен болатын. Өзбекстан президенті 5 жылға сайланады.