Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлер сиыр тезегін теріп кетті

137 просмотров

Өзбекстан премьер-министрі Ферғана облысы Учкуприк ауданындағы санитарлық эпидемиологиялық станция (CЭС) қызметкерлерін үйді-үйлерден сиыр тезегін жинауды тапсырды.

Сиыр жапасы диқаншылардың жерін тыңайтуға пайдаланылады. Жергілікті тұрғындар үкіметтің бұл шешіміне наразы болып отыр. Тұрғындар газ бен электр қуатының тапшылығынан, сиыр жапасын тамызық етуге мәжбүр.

Дерек көзінің хабарлауынша, махалла күзетшілерін ертіп алған ақ қалатты дәрігерлер мен медбикелер әрбір отбасыдан екі қап сиыр тезегін шығарып беруін сұрап жүр.

«Біздің ауылда мал ұстау оңай емес. Қой мен сиырды аулада ұстаймыз, өйткені бізде жайылым жоқ. Оларды кепкен шөппен, сабанмен  жемдейміз. Екі қап сиыр тезегінен 200 кезек шығады. Газ бен жарық жоқ ауылда ол 10 күнге жетеді. Тезек жинауды СЭС қызметкерлеріне тапсырғаны тіпті күлкілі. Сұр қалат киген дәрігерлердің тезек сұрап жүргені өте аянышты көрінеді. Бүкіл махалла күліп жүр», — деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Ауыл тұрғындарының «Катта Кенагас» мәслихаты белсендісінің айтуынша, кеше махаллаға СЭС-тің үлкен тобы келген.

«Екі дәрігер немесе медбикеге бір махалла күзетшісін қосып беріпті. Адамдар тезек толы қаптарды ауласынан шығарып берсе, диқаншылар оны тракторларымен тасып әкетіп жатты», — деді махалла белсендісі.

Загрузка...