Өзбекстанда «Ахмадбай пирамидасының көшірмесін» іздестіріп жатыр

72 просмотров

Ташкент облысы халық депутаттары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев облыс аумағында әлі де жұмыс істеп жатқан «Ахмадбай пирамидасының» көшірмесіне қатыстылар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Үкімет басшысы Янгиюль ауданының бұрынғы әкімін және аудандық милиция басшысын, халық арасында «Ахмадбай» деген атаумен танымал қаржы пирамидасын бүркемелеген кәсіпкер Ахмад Тұрсынбаевты жауапқа тарту мәселесін көтерді. Аталған кісілерге «арнайы тексеру» жүргізіле бастағаны белгілі болды.

Дереккөздер мәліметі бойынша, Зангиат ауданындағы кәсіпкер Бахадыр Уринбаевқа тиесілі «Merkury leasing group» фирмасына тексеру басталғаны белгілі болды. Оны халық «Бахо марли» деп те атайды.

Ташкент облыстық әкімшілігіне жақын дереккөздердің хабарлауынша, елдегі тағы бір қаржы пирамидасы «Тоқтасынбайға» қатысты тексеру жүріп жатыр. Осылайша, қаржы пирамидаларына қатысы бар жеке фирмалардың көп бөлігі қатаң бақылауға алынды.

Загрузка...