Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өзбекстан президентінің міндетін сенат төрағасы уақытша атқаратын болды

Әлеуметтік желіде оның өмірбаяны да жария болды.

Нигматилла Юлдашев 1962 жылы 5 қарашада Ташкентте дүниеге келген.

Ол 1985 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын 1986 жылы Ташкент облысы Алмалық қалашығы прокуратурасында білігін шыңдаушы жас маман ретінде бастады.

1987-1991 жылдары Алмалық қаласы прокуратурасының аға тергеушісі болып қызмет етті.

1991-1993 жылдары — Ташкенттің Жүнісабад аудандық прокуратурасының тергеушісі.

1993-1994 жылдары — Ташкент прокуратурасының аға тергеушісі.

В 1994-1999 жылдары Өзбекстан Республикасы бас прокуратура басқармасының прокуроры болды.

1999-2000 жылдары Бас прокурордың бас тергеу бөлімінің ұйымдастырушы-әдістеме бастығы болды.

2000-2003 жылдары — Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі инспекциясының бастығы.

2003-2006 жылдары —Өзбекстан президентінің құқыққорғау және қадағалаушы органдар қызметін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі қызметінің прокуратура органдары қызметінің мәселері жөніндегі аға инспекторы.

2006-2008 жылдары Юлдашев бас прокуратураның жанындағы салықтық, валюталық қылмыспен және қылмысты табыстарды заңдастырумен күрес жөніндегі департаменттің бастығы болды.

2008-2011 жылдары — Өзбекстан Республикасының бас прокурорының орынбасары.

2011 жылдың 21 маусымда  Юлдашев Өзбекстанның әділет министрі болып тағайындалды.

2015 жылдың қаңтарынан бастап президенттің жарлығымен Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі сенатының мүшесі болды.

2015 жылдың 22 қаңтарынан бастап Нигматилла Юлдашев Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі сенатының төрағасы болып сайланды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз