Өзбекстан президенті ауруханаға түсіп қалды

48 просмотров

Өзбекстан президенті Ислам Каримов ауруханаға түсті.

Оны Өзбекстан үкіметінің ресми түрде растады деп хабарлады Би-би-си.

«Мамандардың пікірінше, толық медициналық тексеру және одан кейінгі емдеу белгілі бір уақытты қажет етеді», — делінген өзбек министрлері кабинетінің хабарламасында.

Негізінен, Каримовтың денсаулығы туралы ресми мәлімдеме жасалмайтын. Ол жайында осыған дейін шетелдік БАҚ қана хабарлаушы еді.

 

Загрузка...