10 қазанда Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиёев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан тарапы бірінші болып телефон соққаны хабарланды.
Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара тиімді әріптестікті дамыту жөнінде жақында ғана келісілген мәселелердің орындалу барысын талқылады.
Тараптар Өзбекстан мен Қазақстанның түрлі салалардағы делегацияларының жұмыс сапарларын, маңызды коммерциялық келісімдердің нәтижелерін жоғары бағалады.
Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев аймақтық және халықаралық сипаттағы мәселелер жөнінде пікір алмасты.