Өзбекстан үкіметі тұңғыш президентін мәңгі есте сақтау жөнінде ұсыныс жариялады

207 просмотров

Өзбекстан үкіметі мен парламенті Ислам Кәрімовты жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы бірлескен қаулы жариялады.

Мемлекеттік комиссия Өзбекстан Республикасының тұңғыш президентін мәңгі есте сақтау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Аталған ұсынысқа жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына кірген 20-дан астам қол қойған. Оның ішінде салалық министрлік басшылары, әкімдер, Конституциялық соттың төрағасы және басқалар да бар.

«Бір ай мерзімде халықтың, кәсіпорындар, ұйымдар, оқу орындары, жұртшылықтың пікірлерін ескеріп, Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Кәрімовты мәңгі еске сақтау бойынша ұсыныстар енгізілсін», — делінген қаулы мәтінінде.

Еске сала кетсек, ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді.  Елде үш күнге созылатын қаралы күн жарияланған. Өзбекстан президентінің денесін бүгін таңертең Ташкент көшелерімен ақтық сапарға алып өтті.

Загрузка...