Бурятияда құлдық еңбекті пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Республиканың екі тұрғыны және өзбек әйелі Прибайкал ауданындағы фабрикада жұмыс істету үшін, Өзбекстаннан он шақты әйелді заңсыз кіргізген. Бұл жөнінде СА-News тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фабрика «Гранд Текс» компаниясына тиесілі. Үй шаруашылығына арналған қолғап тігумен айналысады.
Әйелдер заңсыз келгендіктен, қалада еркін жүріп-тұра алмаған. Оның үстіне жеке құжаттарының бәрін алып қойған. Жәбірленушілер күні-түні қолғап тіккен. Бас тартқан әйелдерді ұрып-соққан.