Өзбекстан: 4 партия президент сайлауына кандидат ұсынады

142 просмотров

Халықтық-демократиялық партиясы Хотамжон Кетмоновтың кадидатурасын ұсынбақ. Кетмонов өткен президент сайлауына қатысып, 2,92 пайыз дауыс жинаған.

Азаттықтың хабарлауынша, «Әділет» партиясы атынан Наримон Умаров, «Миллий тикланиш» («Ұлттық жаңғыру») партиясынан Сарвар Отамурадов сайлауға түспек. Ал Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы Шавкар Мирзеев «Либерал-демократиялық партиясы» атынан сайлауға қатысады.

Барлық кандидаттар қазанда өтетін партия сьезінде ресми түрде бекітіледі. Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Кандидаттарды тіркеу 30 қыркүйекте басталып, 20 қазанда аяқталады.

2 қыркүйекте Өзбекстан президенті Ислам Каримов инсульттан қайтыс болған соң уақытша президент міндетін атқару премьер-министр Шавкат Мирзиеевке жүктелген. Конституцияға сәйкес осы лауазымды иеленуі тиіс сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев бұл қызметті атқарудан бас тартқан.

karbol13

Загрузка...