Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Өзбек солдаты осындай! Өзбекстанның армиясы Қазақстаннан қалай озып кетті?

401

Мұндай ережені Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік тестілеу орталығы 2016 жылғы 25-шілдеде қабылдады.

Өзбек солдаты – қандай солдат?

Әскерге шақырылушылар жыл сайын өткізілетін конкурсқа бір-ақ рет қатыса алады. Ең алдымен олар дене шынықтыру дайындығынан емтихан тапсырады. Дене шынықтыру дайындығы 15 балдық шкала бойынша бағаланады:

  • турникке тартылу (11 реттен артық – «үздік», 9-10 рет – «жақсы», 6-8 рет – «қанағаттанарлық», 0-5 рет – «қанағаттанарлықсыз»),
  • 100 метрге жүргіру
  • 3000 метрге жүгіру

Дене шынықтыру дайындығы нормативтерінің барлық түрлері бір күнде тапсырылады, ал жалпы білім деңгейін анықтайтын тестілерді тапсыруға бір жарым сағат беріледі. Тест нәтижелері Мемлекеттік тестілеу орталығына жеткізілген күннен кейінгі 7 жұмыс күні ішінде тексеріледі.

Дене шынықтыру дайындығының бір түрінен қанағаттанарлықсыз деген баға алған бала тест сынақтарына қатыстырылмайды. Дене шынықтыру дайындығынан сүрінбей өткен әскерге шақырылушылар математика және ана тілі бойынша 25 және ел тарихы бойынша 10 сұраққа жауап беруі керек. Барлық пәндер бойынша 60 балл жинау қажет.

Армиядағы қызмет – өмірге жолдама

Өзбекстан қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы мерзімдік борышын өтейтін бір сарбаздың орнына 8 үміткерден келген. Егер шақырылушының жолы болмай, сынақтан өте алмаса, ол шақыру резервіне жіберіледі. Бір айлық әскери дайындық жиынынан кейін, ол әскерде қызмет етпесе де, әскери қызметке жарамды деп танылатын болады.

Өзбек балалары әскерге баруға неге құмар дейсіз бе?

Өзбекстанда жұмыссыздық өршіп тұр — тек ресми деректерге сәйкес, 2016 жылғы қаңтар-маусымда ол 5,2 пайыз болған. Ал Ferghana.ru агенттігіне сұхбат берген экономистердің мәліметтері бойынша, Өзбекстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі қалада 20, ауылдық жерлерде 40 пайызды құрайды.

Қарулы күштер қатарындағы қызмет бозбалаларға армияда қалып, әскери қызметін контракт негізінде жалғастыруға мүмкіндік береді. Оған қол жеткізгендер тұрғын үймен және қомақты еңбекақымен қамтамасыз етіледі. Контракт бойынша қызмет ететін сержанттың айлық еңбекақысы 1,5 млн сум ($500).

— 2007 жылдан қолданысқа енгізілген ережелерге сәйкес, контракт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер тұрғын үйге немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж болса, олар қызметтік пәтермен қамтамасыз етіледі, — деп хабарлады centralasiaonline.com берген сұхбатында тұрғын үй құқығы жөніндегі ташкенттік заңгер Диляра Артикова. — Тұрғын үй қызмет бастағаннан кейінгі үш ай ішінде беріледі.

Қорғаныс министрлігі 2007 жылдан 2015 жылға дейін әскери қызметшілерге 3 000-нан астам пәтер бөлінгенін хабарлады. Өзбек жігіттерінің арманы — Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жұмысқа орналасу. Ол үшін әскери билет қажет. Сонымен қатар, әскерде қызмет етпесең, Төтенше жағдайлар министрлігіне және кеден құрылымдарына жұмысқа орналаса алмайсың.

Әскери борышын өтеген азамат тіпті күштік құрылымдарында қызметін жалғастырғысы келмесе де оның басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Мәселен, барлық жоғары оқу орындарына түсу кезінде оларға қабылдау тестілеуде көрсеткен нәтижесіне 27 пайыз көлеміндегі қосымша балл қосатын жеңілдік қарастырылған. Міне, осындай жеңілдіктердің арқасында олар көп ретте бір орынға 20-дан 40 адамға дейін таласатын конкурстың болатынына қарамастан, елдің ең беделді ЖОО-ларына оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Беделі күшті құпия армия

Өзбекстанның қарулы күштері – өте құпиялы ведомство. Оған қатысты дүниенің бәрі адам білмейтін құпия — офицерлер мен сарбаздардың жалпы саны, армияны қамтамасыз ету мәселелері.

Global Firepower халықаралық ұйымының пайымдауынша, қазір өзбек қарулы күштері әскери күші жағынан Орталық Азия аймағында бірінші және ТМД елдері арасында Ресей мен Беларусьтен кейінгі үшінші, ал әлемдік рейтингте 54 орынға жайғасқан. Ресми деректерге сәйкес, Өзбекстан армиясының саны 665 мың адамды құрайды. 2015 жылғы әскери бюджет $ 2,4 млрд-ты құраған.

1464172509_vs2
Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз