Өзбек дәрігерлері мақта жинауға барады

26 просмотров

Ташкент дәрігерлері 3 қыркүйектен бастап мақта теру маусымы басталатыны туралы ескерту алған. Оларды кезек бойынша жұмысқа салады, биыл мақта теру маусымы 13-14 күнге созылады. Бұл туралы жергілікті баспасөз хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, әрбір медициналық қызметкер күніне 70 келі мақта теруге міндетті, орындалмаған жоспарды ол ақшамен өтеп береді.

Дәрігерлердің бірінің айтуынша, ол жұмыс істейтін аурухана 42 адамды егістікке жібереді. Олардың арасында дәрігерлер (хирургтер де бар) мен медбикелер бар. Жоспар медициналық мекемедегі қызметкерлер санына қарай дайындалған. Дәрігерлер өздерінің орнына басқа бір жұмысшыны егістікке жіберіп, оның жалақысын өз қалтасынан төлеп бере алады.

Өзбекстан үкіметінің мақта теруге мәжбүрлеу болмасын деген мәлімдемесіне қарамастан, дәрігерлермен қатар басқа да бюджет қызметкерлері биыл егістікке барады.

Загрузка...