Заттыбек жетім балаларға мол дастархан жайып, тегін концерт қойды (фото)

64 просмотров

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Қазақ әншілерінің ішінде Заттыбек Көпбосынұлының орны бөлек.

Себебі әншінің өзі де, әндері де қазақы. Қазақ мінезді. Заттыбектің әндерінен қазақтың қонақжайлылығы есіп тұрады. Әншімен мұнымен қатар қайырымдылықпен де айналысып жүр. 

Жақында ғана әнші жетімдер үйінде қонақта болып, 400-дей балаға мол дастархан жайып, оларға тегін концерт қойып беріпті. 

13941157_1088592981231746_13337767_n

Бұл туралы Заттыбек өзінің Инстаграм парақшасында жазған екен. 

«Машатта демалып жатқан 400-ге жуық балалардың көңілін көтеріп, кеше Шымкенттегі інілеріммен бірге дастархан жайып, концерт беріп қайттық. Жүзіміз күліп тұрса да жүрегіміз жылап тұрды. Тәп-тәтті балапандарын тастап кеткен адамдар қалай жер басып жүр екен?! Балапандардың қолымды ұстап, жібермей «Аға, кетпеңізші. Бізбен бірге болыңызшы, тағы да ән айтайықшы, енді қашан келесіз» — дегені көзге еріксіз жас келтірді. Енді жиі барып, әңгімелесіп, сырласып тұратын орта таптым. Ол балалар үйі. Балапандар ауырмасын, өссін, өнсін! Осы елдің ең беделді де мәртебелі тұлғасына айналсын!» дейді әнші. 

 

Загрузка...