Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Бесарық елді-мекенінің әкімі құрықталды. Ол заңсыз жер телімін сатпақ болған.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми сайтында хабарланды.
Ұлттық бюроның Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын Сырдария ауданы Бесарық аумағының әкімі Қазбек Смағұловты қылмыс үстінде ұстады.
„Қазбек Смағұловтың ҚР заңнамасында бекітілген ережелерді сақтамай жеке тұрғын-үй құрылысына жер телімін беру үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге сомасында пайдакүнемдік ниетпен пара алғандығы анықталды„ делінеді таратылған хабарламада.