Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Өз-өзінен жарылып кете беретін Galaxy Note 7 телефоны Қазақстанға әлі келіп үлгермепті

122

Айта кетерлігі, Samsung компаниясының басты міндеті – жоғары сапалы өнім өндіру, сондықтан, жаңа құрылғыға қатысты оқыс оқиғалар туралы ақпаратқа компания қатты көңіл аударды. Компания үшін тұтынушылардың қауіпсіздігі басты орында тұрғандықтан, компания қазір бұл құрылғының сатылымын уақытша тоқтатты», – дейді мән-жайды түсіндірген өкілдіктің баспасөз хатшысы Алиса Беспалова.

Баспасөз хатшы атап өткендей, Galaxy Note 7 телефоны ресми түрде сатыла бастаған елдерде, Samsung компаниясы келесі аптадан бастап осы құрылғыны тегін ауыстыра бастайды.

«Әрине, жаңа өнімге қатысты оқыс оқиғалар тұтынушылар үшін ыңғайсыздық тудырғанын түсініп отырмыз. Бірақ, қауіпсіздікті бірінші орынға қоя отырып, компания жаңа телефонды жаппай кері қайтарып алады», – дейді ол.

Айта кетейік, 19 тамыз күні әлемнің бірқатар елінде ресми түрде сатылымға шыққан Galaxy Note 7 телефонын Samsung компаниясы бір ай өтпей жатып, нақтырақ айтқанда, 10 қыркүйек күні қауіпті деп таныды және оның сатылымын тоқтатты.

Себебі, әлем бойынша осы телефон 35 рет өз-өзінен жарылып кеткен. Samsung компаниясының Қазақстандағы ресми өкілдігі күзде елімізде сатылатын бұл өнім жоғары сапа мен қауіпсіз күйінде келеді деп сендірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз