Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылордалық полицейлер жағдайы төмен балаларға көмек көрсетті (фото)

222

IMG_6341

Аталмыш шара жасөспірімдер қылмысымен күресте алдыңғы қатарда тұратын Ювеналды полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 26 тамызы күні өткізілді. Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қ.Қобландин әлеуметтік жағынан төмен отбасылардың 7 баласымен және «қолайсыз отбасы» санатымен есепте тұрған отбасының 3 баласымен кездесіп, мектепке баруға қажетті құрал-жабдықтары бар сөмке, мектеп киімдерін, аяқ киім, азын-аулақ азық-түліктер берді.

IMG_6339Осындай көмекке зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған жергілікті полиция қызметкерлері балалардың қуаныш-шаттыққа кенелуі үшін қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізіп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

IMG_6363

Атап өтерлік жайт, осыған дейін қызылордалық полицейлер 84 оқушыға материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен болатын.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз