Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызылордада үздік мектепке 17 миллион теңге сыйақы табыс етілді

299

Конференцияда аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бала тәрбиесіне басымдық берді.

– Бүгінгі күннің өзегі – жас ұрпақтың рухани кемелі.  Балаларды ең бастысы ұлттық құндылықтарға бай, тіліне, діліне, тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне,  салт-дәстүріне берік, рухы мықты, танымы мен тағлымы кең тұлға ретінде қалыптастыру барысында ең негізгі сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсінікті.

Ұлттық талғамы мен сана-сезімі жоқ адамда отаншылдық рух та болмайды. Бұл ешбір дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Ендеше бұл міндеттерді шешудің қайнар бұлағы – мектеп және ондағы негізгі тұлға ұстаз деп білеміз. Баршамызға ортақ міндет – жас ұрпақтың қалыптасып, өмірде өз орнын табуына көмектесу, – деді облыс әкімі.

Кеңеске қатысушылар Қызылорда облысында білім саласының даму қарқынын атап өтіп, одан әрі қарай жетілдіруге қатысты ұсыныстарын айтты. Мәселен, Сыр өңірі «Балапан» бағдарламасын белгіленген мерзімінен бұрын орындады. Алдағы 2 жылда облыс бойынша апаттық мектептердің орнына 12 жаңа білім ұясы бой көтеретін болады. Сонымен қатар, аймақ түлектері «Серпін» бағдарламасы арқылы және Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде жоғары оқу орындарында білім алуда.

Шара соңында үздік деп танылған ұстаздар мен білім мекемелері марапатталды. Соның ішінде Қызылорда қаласының №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты «Орта білім беретін үздік ұйым» номинациясын жеңіп, 17 миллион теңге сыйақы алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз