Қызылордалық полицейлер «Мектепке жол» акциясына қатысып, балаларға қайырымдылық жасады.
Бұл туралы Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл тамыздың 1-і мен 30-қыркүйегі аралығында тұрмысы төмен отбасы балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге көмек, қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық аймақтарында «Мектепке жол» акциясы өткізіліп жатқаны белгілі.
Осындай көмекке зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған қызылордалық полицейлер балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, елдің қорғаны болар үлкен азамат болып өсетіндеріне сенім білдірді.