Қызылорда облысының күш құрылымдарына жаңа басшылар тағайындалды

89 просмотров

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында әріптестеріне Қызылорда облысының қорғаныс істері департаментінің және облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшыларын таныстырды.

 

Қызылорда облысының қорғаныс істері департаментінің басшылығына Зиятов Батырхан Мұсаұлы тағайындалды деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Ол 1976 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы әскери училищесін бітіріп, қызметін Алматы облысы, Үшарал қаласындағы әскери бөлімінен бастаған.

2006-2009 жылдары аралығында Астана қалалық Қорғаныс істері департаментінің басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2009 жылдан департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне Мұхитов Қайрат Болатұлы тағайындалды.

ол 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1987 жылы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды қаласындағы жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысы, Балқаш аудандық ішкі істер бөлімінде жедел уәкіл қызметінен бастаған.
1990-2012 жылдар аралығында Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қалаларының ішкі істер органдарында жауапты қызметтерде болған.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы, 2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Загрузка...