Қызылорда облысында тарихи құнды әрі құпия құжаттар көрмеге қойылды

19 просмотров

Сыр бойында 1933 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығындағы аштықта 2 мыңға жуық бала бақилық болған. Зұлматты зобалаңды айғақтайтын анықтамалар тарихшылар үшін тың ақпарат болып отыр.

Қызылорда облысының архив қорындағы осындай құнды құжаттар көрмеге қойылып, бұрын-соңды жарияланбаған мәліметтер қалың бұқараның назарына ұсынылды деп хабарлады 24.kz.

Отбасын аштықтан сақтап қалу мақсатында Тәжікстанның Исфара ауданына көшіп барған азаматтардың елге қайтуға қаржы сұрап жазған өтініштері де зар заманның ащы ақиқатын айқындай түсті.

Мұрағатта сақталған Сыр тарихының шежіресін ақтарған көрме ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.

Борис Жапаров, ҚР Президенті архивінің директоры:

— Биыл жылдың соңында республикамыздағы тұңғыш электрондық деректер базасы жұмыс істей бастайды. Интернет арқылы оған қолданушылардың кіру мүмкіндігі пайда болады. Келесі жылдан бастап Қызылорда облысының мемлекеттік архиві де осы жобаны бастайын деп отыр. Біз оларға осы ісінде сәттілік тілейміз.

Загрузка...