Қызылорда облысында индустриальдық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

50 просмотров

Қызылорда облыс әкімінің үкімімен Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Аймақ басшысы Ринат Қалдыбекұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ринат Сұлтангереев 1980 жылы бұрынғы Тереңөзек ауданында туған. 2002 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы ретінде бастаған. Бұған дейін ол индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Загрузка...