ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті өңірдің мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық бақылау басқармасының басшысы С. Алмағанбетовты қамауға алды.
Бұл туралы аталған ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
“С. Алмағанбетов басқарма бөлімінің жетекшісі Б.Таймановпен қылмыстық келісімде болып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасаудағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін «Әлем Технолоджи» ЖШС өкілінен бопсалау арқылы 200 000 теңге көлемінде пара алған” делінеді алдын ала таратылған хабарламада.