Қызылорда облысы Тасбөгет кентінде жаңа мектеп ашылды

53 просмотров

Бүгін — білім күнінде Қызылорда облысындағы Тасбөгет кентінде №172 орта мектеп пайдалануға берілді.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жаңа оқу жылының басында облыс бойынша 4 мектеп ел игілігіне берілді. Апаттық жағдайдағы мектептерді жою мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 5 млрд 44 млн теңге қаралды. Бүгінде 12 мектептің құрылысы басталып, олардың жыл соңына дейін 5-еуі пайдалануға беріледі.

— 2016 жылы білім нысандарының құрылысына 3,4 млрд. теңге бөлініп, жаңадан 4 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы жүргізілді. Сонымен бірге, облыста 14 мектеп пен 7 балабақша ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 900 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, бүгінгі таңда күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін, міне, Мемлекет басшысының қолдауындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысына 630 млн теңге бөлінген 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілгелі отыр,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Мектеп директоры Майра Садуоваға жаңа ғимараттың символикалық кілті салтанатпен тапсырылды.

Еске сала кетелік, Қызылорда облысында үш ауысымда оқитын мектеп мәселесі толығымен жойылған.

Загрузка...