Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

46 просмотров

Қызылорда облысы активінің отырысында Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Шамшатов Бауыржан Шамшатұлы тағайындалды.
Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бауыржан Шамшатұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында туған.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін «Әдеби қызметкер» мамандығы бойынша бітірген. Күні бүгінге дейін республикалық жетекші телеарналарда редактор, бас редактор қызметтерін атқарып, журналистика саласында мол тәжірибе жинақтаған.

— Бауыржан Шамшатұлының журналистика саласында жинақтаған тәжірибесін облыс әкімінің қызметін насихаттауға, аймақтың оң имиджін қалыптастыруға және жергілікті атқарушы билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайтуға жұмсайды деп сенім артамын,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Загрузка...