Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайлар жерді қойып, ұлттық экспонаттарға қызыға бастапты

Оның айтуынша, музей ашылғалы 27 мың шетелдік турист келген. Ал ақылы түрде кіргендердің саны 40 мыңнан асады екен.

«Біз қазіргі таңда шетелдік әріптестерімізбен байланыс орнатып жатырмыз. Елбасының «ұлттық музейді әлемдік музейге айналдыру керек» деген тапсырмасы бар. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлемнің жетекші елдерінің музейлерімен келісімшартқа отырдық. Ол елдердің қатарында Корея, Қытай, Ресей, Франция, Италия, тіпті, Вьетнам елдерінің музейлері бар. Жалпы, бұл жалғасатын дәстүр. Өйткені, біздің жоспарларымыз өте көп. Музей ашылғалы 400277 адам ақылы түрде төлеп кірген. Жеңілдікпен, ақысыз кіретіндерді есептеп отырған жоқпыз. Ұлы Отан, Ауған соғысының ардагерлері секілді тегін кіретін азаматтарымыз бар. Біздің музейді насихаттайтындар сол кісілер болады.

Мұның өзі үлкен мәдениет. Алға қойған міндеттеріміз бар. Бүгінгі күнге дейін 27 мың шетелдік келіпті. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Бұрын біздің кейбір музейлерге жылына осынша ғана адам келіп жататын. Ал қазір жаңа кезең басталды. Астанаға қызығушылық жоғары. Шетелдіктер келген кезде оларға лайықты қызмет көрсетуіміз керек. «100 нақты қадамға» сәйкес аудиогидтеріміз бар. Үш тілде баяндап береді. Онлайн билет алу жолы да қарастырылған», – дейді Ұлттық музей директоры.

Айта кетейік, Ұлттық музей Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі музей. Музей «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз