Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қытайдың СІМ өкілі Тайванға қоңырауынан кейін АҚШ президентіне ескерту жасады

Қытай АҚШ президенті Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін осындай мәлімдеме жасауға мәжбүр болған деп хабарлады Риа Новости.

Бұл – Вашингтон мен Тайвань арасында 1979 жылы дипломатиялық байланыстың үзілуінен кейін жасалған алғашқы телефон қоңырауы.

Ресми сайтқа жарияланған ҚХР СІМ хабарламасында:

“Біз бұл жайтқа назар аударта отырып, америкалық тарапқа қатаң ескерту жасадық” делінеді.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуан:

“Әлемде тек бір Қытай ғана бар, ал Тайвань оның ажырамас бір бөлігі, ал ҚХР Үкіметі Қытайды танытатын жалғыз заңды үкіметі” – деді ол.

Еске сала кетелік, алдында Трамп Цай Инвэннің өзі қоңырау шалып, өзінің президент сайлауындағы жеңісімен құттықтағысы келгенін айтқан.

“АҚШ Тайванға миллиардтаған доллардың әскери техникасын сатады, ал мен олардан құттықтау қоңырауын қабыл алмауым керек пе, қызық екен?” деп жазды Дональд Трамп алдында “Твиттердегі” жеке парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз