Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайдан 27 теңгеге әкелінетін шұлық Қазақстанда неге 127 теңгеден сатылады?

Отырыс барысында салық, транзит дәлісі, қауіптілік жүйесін басқару сынды мәселелерден өзге отандық кәсіпкерлердің жағдайы да талқыланды.

Дәулет Ерғожин, Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы:

ergozhin

Дәулет Ерғожин

– Біз қазір комитетте кәсіпкерлерді, ауылдағы кәсіпкерлерді қолдау жолын ұстанып отырмыз. Неге оларды қолдауды таңдадық дегенге келсек, мәселен, жейде немесе костюм тігу үшін Оңстүстік Қазақстанда мақта өсіру керек. Оны өсіру үшін адамдар айлық әрі инвестиция алуы керек. Инвестиция қайда кетіп жатыр? Инвеситиця қайда кіріс бар, сонда кетіп жатыр. Тауар бәскекеге қабілетті болғанда ғана кіріс кіреді. Қарапайым статистикаға жүгінейік. Біз шекара маңында жұмыс істейтін адамдарды тексергенімізде, ол жерлерде мыңдаған адам емес, жиырма шақты ғана адам өз топтарын құрып алғанын көрдік. Мыңдаған оларға жұмыс істейді. Осы 20 адам

Қытайдан өз бағасы 27 теңге болатын шұлықтар кіргізеді. Ал, Қазақстанда мұндай шұлықтардың өнідірістен шыққан бағасы – 127 теңге. Қандай өндіруші бұған төтеп бере алады?!

Жейде Қытайдан 1000 теңге келсе, Қазақстанда шығарылған жейденің құны – 3600 теңге. Ал, костюм шалбар Қытайдан 4,5 мың теңгеге әкелінсе, Қазақстан шығаратын костюм шалбардың құны 40 мың теңге. Қытайдан келетін кілемнің квадрат метрі 6 мың теңге болса, Шымкенттен шығатын кілемнің квадрат метрі 9 мың теңге. Егер біз осындай бағамен тауар енгізіп, өндірісті тұралатайық, десек онда мейлі. Бірақ, біз экономикалық ынталандыру жасап, біздің тауарлар мен оның сапасы жақсы болып, бәсекеге төтеп бергенін қалаймыз ғой. Шымкент кілемдері экспортқа шыға бастады. Шұлықтар шығарылып жатыр. Жалы халық тұтынатын тауарлар нарыққа ептеп шығып жатыр.

Мәселен, жаңа сәнге айналған сигвей ойыншығын алайық.

Сапалы әрі Қытайдың сапа стандартымен бекітілген сигвей шамамен 70-100 доллар аралығында тұрады. Бізге бұл тауардың біреуін 8 долларға әкеледі.

Бизнесмендер өз түсініктерінде бізге «бізді қысып жатырсыңдар» дейді. Алайда, біз бағаны реттеуге тырысып жатырмыз.

Олар Қытайдан алып келетін аяқ киім бағасы қанша деп ойлайсыз? Біреуі – екі доллар. Ал, ол аяқ киім біздің базарларда 20 долларға сатылады. Біз екі доллардың 5 доллар жасамақ ниеттеміз. Жамбылд былғары аяқ киім кәсіпорны бар. Олар жерде біздің елдің азаматтары жұмыс істеп, отбасын асырап отыр. Егер біз сырттан 2 долларға аяқ киім кіргізетін болса, онда ол кәсіпорын жұмысын тоқтады. Қытайдан келетін күртелер әр қайсысының бағасы 2-3 доллар. Автомагнитолалар 37 центке келеді.

Біз, қытайлық әріптестерімізбен бірге құжаттарды салыстыру туралы келісімге келдік. Олардан тауардың нақты бағасы деп көк түсті мөр басылып келетін қағаздарды тексреуге кірістік. Оларға 170 сұраныс жібердік. Олардың берген жауабының 90 пайызы тауардың нақты бағасы деп алып келген қағаздағы мөр қолдан жасалғаны белгілі болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз