Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қытайда жүктілігі 17 айдан асып кеткен келіншек босана алмай жүр

Ван Ши өткен жылы ақпан айында жүкті болған екен. Дәрігерлер ол 15 қарашада босанады деп жоспарлаған. Алайда нәресте жарық дүниенің есігін ашуға әлі күнге еш асығар емес.

„Әбден дегбірі қашқан әйел күн сайын ауруханадан тексеруден өтіп, іштегі баланың жағдайын білуге тырысып әлек. Дәрігерлер 14 ай болғанда баланы кесерова арқылы алудан бас тартқан. Өйткені, дәрігерлердің айтуынша, бала жеткілікті деңгейде жетіліп үлгермеген„ деп жазады қытайлық басылым.

– Мамандар кейбір әйелдер уақытынан кешігіп, 13-айда босанып жатады, бірақ 17 ай бойына бала көтерген деген болмағанын айтады. Олар оның себебін түсіндіріп бере алмай отыр, – дейді әйелдің күйеуі.

Дегенмен дәрігерлер әйелдің ішіндегі баланың денсаулығы жақсы екенін айтып отыр. Олар жүктілігі 18 ай болғанда келіншекке ота жасамақ боп жоспарлап отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз