Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайдағы қазақтар МС Сайлаубекке тіл тигізбеуді сұрады (видео)

134

Рэпердің дақпырты Қытайда тұратын қандастарымызға да жетсе керек. Ол жақтағы қалталы қазақтар Сайлаубекті қонаққа шақырыпты және қазақтың қонақжай дәстүріне сай ерекше күткен екен. 

Қандастарымыздың сөзі де кесек, мына видеода тілек айтып тұрған азаматтың пікірі соған дәлел:

–  Сайлаубек бауырым, әнін айтып жатыр, күйін шертіп жатыр. Біз қазақты кереметтей данышпан халық дейміз. Қазақ шынымен қонақжай, көңілі дархан халық. Алайда кейде осы қазағымның бойынан ішітарлық байқалатын сияқты. Себебі, өзімізден жылт еткен өнер адамдарын осыншама қақпалаймыз. Сайлаубек ән айтпады делік. Ол кезде не істер едік?

https://www.instagram.com/p/BIlOo3lA8Yh/?taken-by=mcsailaubek.official

https://www.instagram.com/p/BIlPJhagcDc/?taken-by=mcsailaubek.official

 

Ал Сәкең көшеде арақ ішіп, мас болып жатқанда ше? Жарайды, басқаның тілінде айтса да, әйтеуір бір қазақтың баласы сахнада шырқап жатқан соң қолдауымыз керек. Қазақстанға баратындарың ауылдастарыңа Үрімжідегі бір журналистің өкпесін жеткізе барыңыздар. Бұдан былай Сайлаубекке тіл тигізбеңіздер. Ол Қытайға келіп, Үрімжі халқын бағындырып кетті”, – дейді ол.

Жоғарыдағы видеоны Сайлаубек өзінің Инстаграм парақшасына жүктеген екен. Ал видеоны тамашалаған қауым әртүрлі пікір білдірген. Қалай болған күннің өзінде қандастарымыз Сайлаубекті ренжіткен жоқ. Әнін айтқызып, қаламақысын қалтасына салып бергені анық.  

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз