Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытайдағы 51 кәсіпорын Қазақстанға көшіріледі

Қазіргі таңда көшірілетін нысандар тізіміне жалпы құны 26,2 миллиард долларды құрайтын химия өнеркәсібі, кен-металлургия, машинажасау, инфрақұрылым, энергетикағ агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығару мен ақпараттық технологиялар секторына тиесілі 51 жоба енген. Бұл 51 жобаның ішінде екеуі – ұнтақты полипропилен және жеңіл автокөлік шығару жобалары іске қосылып та қойған.

Президент сұхбат барысында Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге мүдделі екендігін, «Жібек жолы» экономикалық белдеуі идеясын қызу қолдайтынын айтқан. «Қытай тарапы үш негізгі бағытты анықтап отыр. Оның екеуі, Қытайдан Орталық Азия, Ресей арқылы Еуропа/Балтық теңізі, Қытайдан Орталық Азия, Батыс Азия арқылы Парсы шығанағы және Жерорта теңізі бағыттары  Қазақстанның «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын толықтырады», – дейді Н. Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз