Қытайда тұратын зейнеткер өмір бойы жинаған ақшасын итіне мұраға қалдырды

134 просмотров

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян елді-мекенінде тұратын шау тартқан қарт адам өмір бойы жинаған 80 мың юань ақшасын, яғни шамамен 12 мың долларды итіне мұраға қалдырды.
Харбин қаласының Ван Цзюньу атты тұрғыны жергілікті қаңғыбас иттерді ұстайтын орынға барып, итіне мұра жазғанын, 80 мың юаньды осы жерге қайырымдылық ретінде бермек екенін айтқан. 71 жастағы қарт бұл ақша Эрфу атты итінің „зейнетақысы„ секілді болатынына үміт артатынын мәлімдепті.

Қарияның жалғыз ұлы 6 жасында көлік апатынан көз жұмған екен. Одан кейін әйелі ауруға шалдығып, көп ұзамай қайтыс болған. Содан кейін Ван Цзюньу өзіне серік қып, күшік асырап алған.

„Соңғы кездері менің денсаулығым сыр беріп жүр. Менің итім — менің бас қайғым„ — дейді зейнеткер.

Қарияның жүрегі бірнеше рет ұстап қалыпты. Сондықтан ол өзі дүниеден өткен соң итінің жақсы өмір сүретініне көз жеткізіп алмақ болады.

Өткен жылы ол кісі итін жоғалтып алыпты. Бірақ көршілерінің көмегімен итті тауыпты.

„Содан бері оны бір сәтке көзімнен таса еткен емеспін. Әдайым менімен бірге жүреді, маған да ешкімді жолатпайды„ — дейді ол.

Ит те үй иесіне адал, әрдайым қарттың жанынан шықпайды, қасына бейсауат адамдарды жолатпайды.

Қаңғыбас иттерді қабылдайтын орын қарттың итіне қамқор болуға уәде берді, бірақ олар зейнеткердің ақшасынан бас тартқан.

Загрузка...