Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қытайда маса зауыты ашылды

101

Мұндай жағдай бүкіл ел бойынша алғаш рет 29 шілдеде тіркелген болатын. Енді штат басшылығы елдегі ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі федералдық орталықтан көмек сұрап отыр. Ал Қытай жұртшылығы бүкіл әлемге қауіп төндірген вируспен күресте тың тәсіл қолдануға көшті.

Қытайдың Гуанчжоу қаласында орналасқан әлемдегі ең үлкен масалар зауытында аптасына миллиондаған жәндік өсіріліп шығарылады. Басты мақсат – жаһанды жаулай бастаған Зика мен Денге безгегі секілді аурулармен пәрменді күрес жүргізу. Мамандар індет тарататын зиянкестің ұрығын жойып жіберетін арнайы бактерия жұқтыртады. Сосын еркіндікке жіберілген олар өзге масамен жұптасып, бактерияны оларға да дарытады.

«Біздің негізгі міндетіміз – маса популяциясын азайту. Соның арқасында түрлі аурулардың таралуын елеулі түрде тежеуге болады. Бұл індеттің қатарында Зика, Денге және Сары безгек бар. Сондай-ақ осы кеселді емдейтін дәрі-дәрмек ойлап табу жолында да тер төгіп жатырмыз», – дейді Сун Ятсен университетінің профессоры Си Чжиюн.

Профессор масаға жұқтырылған арнайы бактерия оларды генетикалық өзгеріске ұшыратпайды деп отыр. Сондықтан бұл әдіс тиімділігімен қатар қауіпсіз саналады.

«Біздің аймақта бұрын маса көп болатын. Мына тәжірибенің пайдасы тиеді деген үміттемін. Жергілікті халық арасында бактерия жұқтырған жәндіктер еркіндікке жіберілгенде қайта олардың саны арта түспей ме деген пікір де айтылып жүр. Алайда өз басым керісінше ойлаймын», – дейді жергілікті тұрғын Лян Джинтянь.

Зауыт басшылығы бүгінде Мексика, Пәкістан және Үндістандағы ғалымдармен келісім жасасып үлгерді. Себебі маса арқылы тарайтын ауру мәселесі бұл елдерде өте өзекті. Ал ғалымдар кәсіпорынға мемлекет тарапынан нақты қолдау қажеттігін айтады. Өйткені мамандардың пікірінше, зауыттың халықаралық маңызы зор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз