Қытайдың Хэйхэ қаласының әкімшілігі ресейлік Благовещенск пен Хэйхэ арасын жалғайтын бірегей аспалы жол құрылысын бастап кетті.
«Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жобаға салынған инвестиция көлемі 799 млн юаньді (119,8 млн АҚШ доллары) құрайды.
Амур өзені үстінен жүретін көпірдің ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды. Ресейден Қытай жағалауына дейінгі жол алты минут уақытты алады. Жыл сайын бұл жолды 6 миллион адам пайдаланады деп жоспарланған.