Қытай коммунистеріне ауыз бекітуге тыйым салынды

54 просмотров

Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының билігі Коммунистік партия мүшелері — студенттер мен мұғалімдерге, мемлекеттік қызметкерлерге Рамазан айында ораза ұстауға тыйым салды. Бұл туралы The Independent басылымына сілтеме жасаған lenta.ru хабарлайды.

Қытай билігі мейрамхана иелеріне жұмысты тоқтатпай, күндізгі уақытта да ғимараттың ашық тұруына бұйрық берді. Оппозициялық Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің төрағасы Дилхар Рахит Қытай билігінің өздері үшін қауіпті деп санайтын ұйғырлардың діни сенімінен қауіптенетінін айтады.

Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданында мұсылмандар халықтың 58 пайызын құрайды. Рамазан айында Ораза ұстауға Қытайда бірінші рет тыйым салынып отырған жоқ. Пекин бұл тыйымның ешкімнің діни сеніміне зиян тигізбейтінін айтады.

Загрузка...