Байдың балалары Қытайда да жетіп-артылады. Өткенде қытайлық бір студент 31 миллион долларға ойланбастан Канаданың Ванкуверінен қымбат үй сатып алыпты. Иә, иә. Коммунизм билеген Қытайдан да әлемді жалпағынан басып жүрген байдың балалары шығып жатыр. Ресейлік Lenta.ru сайты байлыққа шомылып жүрген бірқатар Қытай жастарының Instagram-аккаунттарын ақтарып, мынадай суреттер тауып алыпты.