Қытай 12 жылдық білім реформасынан бас тартады

76 просмотров

Қытайдың жаңа тағайындалған Білім министрі Чэн Баошэң ҚХР білім беру саласын жетілдіру туралы біраз ұсыныстарын мәлімдеді. Ол ұсыныстардың бастылары мыналар:

— Ұстазда абырой болмаса, ұлтта рух болмайды. Ол үшін оқытушылардың жалақысы жергілікті шенеуніктің жалақысынан 10 пайызға жоғары болу керек. Сондай-ақ полицилейлерге берілетін үстеме ақы сынып жетекшіслеріне де берілуге тиіс.

— Қазір ұстаздардың қалыпты білім беруі, алаңсыз өмір сүруі қиындап барады. Өзге емес, білімге құлқы жоқ, тәртіпсіз оқушылар ұстаздардың ар-намысына тиеді, тіл тигізеді, қорқытып-үркітеді, жабылып сабап кетеді, тіпті өлтіріп кететін жағдайлар орын алып тұрады. Осыған байланысты «Ұстаздардың құқын қорғау туралы заң» қабылдануы керек.

— Мектепте сынып жетекшісінің атқарар рөлі ерекше. Осыған байланысты «сынып жетекшісі» міндеті — жарты ставкалық жүктеме ретінде есептелумен бірге, сынып жетекшісіне моралдық та, материалдық та ерекше жағдай жасалуы керек.

— 12 жылдық білім беруді күшінен қалдырып, мектепті 10 жылдық білім беру жүйесіне көшіру керек. Өйткені қазіргі балалар өткен ғасырдағы балалармен салыстырғанда ерте есеюде. Сондай-ақ қазіргі мектеп балаларының иегерген ақпараты мен білімі де өткен ғасырдағы балалардан әлде қайда мол екені жасырын емес.

Сондықтан ағымдағы «Батсауыш мектепті 6 жыл, Орталау мектепті 3 жыл, Толық орта мектепті 3 жыл оқу (барлығы 12 жыл) жүйесі» — бүгінгі күні білім беру саласындағы басы артық шығынды көбейту мен жас ұрпақтың уақытына қиянат жасаудан басқа түк емес! Сондықтан бүгінгі уақыттың талабы мен заман дәуір тынысы бұрынғы 10 жылдық (бастауыш 5 жыл, Орталау мектеп 3 жыл, Толық орта 2 жыл) білім беру жүйесін қалпына келтіруіміз керек.

china-education

(Дүкен Мәсімханұлының фб-парақшасынан)

 

Загрузка...