Cтамбұлдағы теракт Ресей мен Түркияның достасуына кедергі жасау әрекеті — ресейлік саясаткер

117 просмотров

Cтамбұлдағы теракт Ресей мен Түркия қарым-қатынасының қалыпқа келуіне қарсы бағытталған іс-қимыл. Бұл туралы РФ Федерациялар кеңесі комитетінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачев мәлімдеді.

Ол осы негіздегі ойын Facebook-тегі аккаунтында жариялады.

«Теракт Ресеймен және Израильмен қарым-қатынасты жақсартқысы келген түрік басшылығына қарсы бағытталғаны анық. Түркияға ресейлік дипломаттарды тарта отырып, лаңкестікке қарсы бірыңғай құрылған майданға қатыспауды «ескертіп» жатқан секілді», деп жазады Косачев.

Сондай-ақ ресейлік саясаткер Түркияға мұндай жағдайда қандай да бір шара қабылдау аса қауіпті екенін ескертеді.

Бүгін РФ президенті  Владимир Путин мен Түркия президенті Ережеп Ердоғанның телефон арқылы тілдесуі жоспарланғанын баса айта кетелік.

Еске сала кетелік, Астана уақытымен шамамен түнгі 01:00-де Ыстамбұлдағы Ататүрік әуе-жайының кіре берісінде, одан кейін шығар жерінде және халықаралық терминалдың автотұрағында үш жарылыс болды. Бұл жарылыстарды екі лаңкес гранатаны лақтыру арқылы жасаған делінеді. Салдарынан 36 адам мерт болып, шамамен 147 адам жарақаттанған.

Загрузка...