Қырым-татарлары халқы мәжілісі төрағасының орынбасары Ильми Умеровты сәрсенбі күні психиатриялық клиникадан шығарды. Бұл жөнінде твиттерде оның адвокаты Марк Фейгин хабарлады.
Ол Умеровке тағылған айыпты алып тастауға тырысатынын жазған.
Аннексияланған Қырым билігі 59 жастағы Ильми Умеровты телеарналардың бірінде айтқан «Ресейді Қырымнан және Донбастан шығаруға мәжбүрлеу керек» деген сөздері үшін Ресейдің аумақтық тұтастығын бұзуға шақырды деп айыптайды.
11-тамызда Умеровты денсаулығының нашарлығына қарамастан, психиатриялық ауруханаға сараптама жасау үшін жатқызған.