Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қыркүйектің ортасында солтүстік өңірде қар жаууы ықтимал

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн : 30, 37 градус ыстық. Келесі аптада батыстан шығысқа белсенді циклонның өтуімен өткінші жауын жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

10-13 қыркүйек аралығында Таймыр аудандарынан суық ауа ағынына байланысты температура елеулі төмендейді деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында түнде күн суытып, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, үшінші онкүндікте күн суыта түседі. Онкүндік соңында өткінші жылы ауа райы алмасып отырады. Солтүстік аудандарда жауын-шашын болып, жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал.

Айдың ортасында Батыс Қазақстан облысында, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл облыстарында ауа температурасы бірқалыпты сақталып, күздің қалпына сай болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз