Apple компаниясы 2016 жылдың 7 қыркүйегінде жаңа iPhone 7-ні таныстырады, деп хабарлайды Bloomberg.
Жаңа смартфон қыркүйектің 16-сынан бастап әлем бойынша дүкендерде сатылымға түсе бастайды делінеді.
Айта кетсек, iPhone-ның соңғы төрт моделін компания қыркүйек айында таныстырған болатын. Биыл Apple тағы да атақты смартфонның екі түрін шығарады деп күтілуде: экраны 5,5-дюймдік iPhone 7 Plus және экраны 4,7 дюймдік iPhone 7.