Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 миллиард долларға жақындады

33 просмотров

Қырғызстан елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалаларды несилендіріп келетін қытайлық Экспорт-импорт банкіне көп ақша қарыз – 1 миллиард 394,7 миллион доллар. Қарыз тізіміндегі одан кейінгі орындарда Халықаралық даму қауымдастығы және Азия даму банкі тұр.

Қырғызстанның ірі сыртқы несиегерлері санатына Ресей, Халықаралық әріптестік жөніндегі жапониялық агенттік (JICA), Халықаралық валюта қоры енген.

Республиканың ішкі қарызы – 246,6 миллион доллар. Оның көп бөлігі — 170,3 доллар мемлекеттік бағалы қағаздар жөніндегі үкімет міндеттемелеріне қатысты.

Мемлекеттік қарыз елдің Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейінің 60 пайызына жақындады. Заң бойынша осы межеден асуға болмайды, бірақ үкімет шетел қаражатын әрі қарай тарта беру үшін осы межеден асуға рұқсат беретін заң жобасын парламентке енгізді.

Загрузка...