Қырғызстандық провайдерлер Білім және ғылым министрлігінің 600 мектепті Интернетке қосу тендеріне қатыспай қалды. Бұл туралы министр Эльвира Сариева өзінің Facebook’тегі парақшасында хабарлады.
Ол 600 мектепті Интернетке қосу үшін республикалық бюджеттен 163 миллион 600 мың сом бөлінгенін айтты. Білім және ғылым министрлігі биыл жазда соған тендер жариялаған. Бірақ оған “Қазақтелеком” АҚ ғана өтініш білдірген, бірақ компания ұсынған баға бюджетте көрсетілген қаражаттан көп болған.